Швеция: Сақшылар корпусын террористік ұйым деп жариялау - қисынды әрекет емес
Швецияның сыртқы істер министрі Сақшылар корпусын лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізілуін қисынсыз деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Биллстрем сейсенбі күні Еуропарламенттегі елдің өкілі Чарли Веймерстің «неліктен Сақшылар корпусын террористтер тізіміне енгізуге құлықсыз ?» деген сұрағына: «Ерекше жағдайлар болуы керек және террормен байланысы болуы керек»,- деп жауап берді. Швеция Сыртқы істер министрі Сақшылар корпусын лаңкестік ұйым деп жариялаудың «қисынды мінез-құлық емес және құқықтық қиындықтары бар» екенін атап өтті. Биллстрем Сақшылар корпусын лаңкестік ұйым деп жариялауына қарсылығын білдіріп, Сақшылар корпусына қазірдің өзінде санкция салынғанын және оны лаңкестік тізімге енгізудің ешқандай практикалық әсері болмайтынын айтты.