Қаң 26, 2023 17:54 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Еуропаның бірнеше елінде Құран кітабына құрметсіздік көрсетілгеніне реакция білдірді

Ислам революциясының жетекшісі Еуропаның бірнеше елінде Құран кітабына құрметсіздік көрсетілгеніне реакциясында: "Сөз бостандығы деген ұранмен Құранды қорлау үстемшілдердің шабуылдарының басты мақсаты ислам мен Құран екенін көрсетті",-деді.

Өткен сенбіде Данияның "Қатаң бағыт" атты әсіре оңшыл партиясының басшысы Расмус Палудан Стокгольмдағы Түркия елшілігінің алдында полиция қызметкерлерінің толық бақылауында Құран кітабын өртеді.

Әлем мұсылмандары мен ислам елдері Палуданның бұл әрекетін қатаң айыптап, Швеция үкіметін осы әрекеттің алдын алмағаны үшін сынға алды.

Аятолла Хаменеи Твиттердегі жеке парақшасында араб тілінде жазба қалдырып, Еуропаның бірнеше елінде Құран кітабына құрметсіздік көрсетілгеніне реакция білдіріп: "Сөз бостандығы деген ұранмен Құранды қорлау үстемшілдердің шабуылдарының басты мақсаты ислам мен Құран екенін көрсетті",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі: "Үстемшілдердің қастандығына қарамастан, Құран күннен күнге жарқырай түсуде. Болашақ ислам дінінде. Әлемдегі азаттықты сүюшілердің барлығы мұсылмандармен бірге діни құндылықтарды қорлау және жиреніш тарату саясатына қарсы тұруы керек",-деп еске салды.

Тегтер