Амир Абдуллахиан: Францияның Ирандағы бүлікті қолдауы достық қатынасқа жат
(last modified Thu, 26 Jan 2023 12:29:58 GMT )
Қаң 26, 2023 18:29 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Францияның Ирандағы бүлікті қолдауы достық қатынасқа жат

Иран Сыртқы істер министрі Францияның Ирандағы бүлікті қолдауын достық қатынасқа жат әрекет деп атады.

Хұсейн Амир Абдуллахиан Франция Сыртқы істер министрі Катрин Колоннамен телефон арқылы сұхбатында Францияның Ирандағы бүлікті қолдауын достық қатынасқа жат әрекет деп атап, осы елдің кейбір жоғары лауазымды тұлғаларының Иранның ішкі ісіне араласушы сөздерін сынап: "Теһран әрдайым келіссөз бен дипломатия жолын таңдайды, бірақ өздеріңіз куә болғандай, текетіресу қатынасында біздің қарымта әрекетіміз жылдам әрі әсерлі болады",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Еуропа Парламентінің Сақшылар корпусына қатысты деструктивті ұстанымын сынап, бұл корпусты Иранның ұлттық қауіпсіздігін сақтайтын, аймақтың қауіпсіздігін сақтауда маңызды рөл ойнайтын және лаңкестікпен шынайы күресетін күш деп атап: "ИИР Еуропа Парламентінің іс-қимылын жіті бақылап отыр және соған сәйкес өзінің келесі қадамдарын реттейді",-деді.

Катрин Колонна екі ел қарым-қатынасын сақтаудың маңызына тоқталып, оны диалог арқылы нығайту керегін айтып, франциялық тұтқындардың азат етілуін сұрады.

Осы телефон арқылы сұхбатта Иран мен Франция арасындағы консулдық қатынастың қазіргі жағдайы талқыланды. 

Тегтер