Ақп 01, 2023 17:37 Asia/Almaty

Иран мен Тәжікстан арасындағы үшінші тікелей рейс «Саман Эйр» ұшағымен Душанбе-Теһран-Душанбе бағыты бойынша басталды.

Иранның Тәжікстандағы елшісі Мұхаммад Тақи Сабери Instagram парақшасында: «ИИР мен Тәжікстанның Азаматтық авиация ұйымының бақылауымен және мақұлдауымен үшінші тікелей рейс сейсенбі күні екі елдің мәдени және тіл жағынан Иран мен Тәжікстан азаматтарының амандығы және туристердің саяхатын жеңілдету үшін ашылды»,- деп жазды.

Иранның Тәжікстандағы елшісінің айтуынша, «Саман Эйр» жариялаған кестеге сәйкес, үшінші рейс 10 ақпаннан бастап аптасына бір рет және апта сайын жұма күндері Душанбе халықаралық әуежайынан Теһрандағы Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайына және кері қарай Тәжікстанға ұшатын болады. Сабери: ««Вареш» әуе компаниясының Теһран-Душанбе-Теһран бағыты бойынша жексенбі күндері және Мешхед-Душанбе-Мешхед бағыты бойынша әр аптаның бейсенбі күндері екі тікелей рейсі орындалады.  Ал екі елдің азаматтары жанама жолмен және үшінші елдер арқылы қатынас жасауға мәжбүр болды»,- деді. 

 

 

Тегтер