Ақп 01, 2023 17:43 Asia/Almaty

Беларусь Қорғаныс министрлігі осы елдің Ресеймен бірлескен күштерінің жеті күнге жалғасатын оқу-жаттығулары басталғанын хабарлады.

 

Беларусь Қорғаныс министрлігі: «Беларусьте жеті күн бойы өтетін бұл әскери оқу-жаттығулар   Ресей мен Беларусь Одағы қорғанысына әскери бөлімдерді пайдалану және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолбасшылықтың қызметін толық үйлестіру мақсатты көздейді»,- деп жариялады. Бұған дейін Беларусь Қорғаныс министрлігі Ресей мен Беларусь бірлескен күштерімен тактикалық-әуе оқу-жаттығуы өтетінін және бұл оқу-жаттығу ертең, сәрсенбіге дейін жалғасатынын хабарлаған. Ресей мен Беларусь арасындағы бірлескен оқу-жаттығулар Ресей билігі Беларуське әскери қолдау көрсетуді Кремльдің басты басымдылықтарының бірі деп санайтын кезде өткізілуде. Бұған дейін Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Беларуське әскери қолдауы толық екенін және Мәскеу Минскке қарсы кез келген шабуылды Мәскеуге жасалған шабуыл ретінде қарастыратынын мәлімдеген.

 

 

Тегтер