Ақп 02, 2023 18:03 Asia/Almaty
  • ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Батыстың адам құқығына қатысты көзқарасын сынады

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Твиттердегі жеке парақшасында өткен айда шәһид болған палестиналықтардың суреттерін жариялап, Батыстың адам құқығына қатысты көзқарасын сынады.

Насер Канани бейсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында өткен айда шәһид болған палестиналықтардың суреттерін жариялап: "Қаңтар айында сионистік режим Иордан өзенінің батыс жағалауындағы түрлі ауданда 35 палестиналықты шәһид етті. Батыс елдері адам құқығын қорғауға қатысты бөлекше көзқарасқа ие",-деп жазды.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы басып алынған жерлердегі кейінгі өзгерістерге тоқталып: "Құлдырау мен ыдырау сионистік режимнің болмысында жасырынған",-деп жазды.

Насер Канани: "Сионистік режимнің қарсыласу қозғалысына қарсы зиянды әрекеттері бұл режимді құлдыраудан құтқармайды",-деді. 

Тегтер