Ақп 03, 2023 19:34 Asia/Almaty
  • Теһран университетінің ғылыми-технологиялық паркі Никарагуаның технологиялық қажеттіліктерін өтеуге дайын екенін мәлімдеді

Теһран университетінің ғылыми-технологиялық паркінің директоры Никарагуа елшісінің осы паркті аралауы барысында іргелі ғылымға негізделген компаниялардың әлеуеттерін пайдаланып, осы елдің мұнай, мұнай-химия және ауыл шаруашылығы саласындағы қажеттіліктерін өтеуге дайын екенін мәлімдеді.

Әли Асади Теһрандағы Никарагуа елшісі Исаак Ленин Бравомен кездесуінде: "Теһран университетінің ғылыми-технологиялық паркі Никарагуа үкіметі және университеттерімен ғылыми-техникалық салаларда әріптестікті дамытуға қажетті әлеуметке ие",-деді.

Әли Асади: "Ирандағы іргелі ғылымға негізделген компаниялар, соның ішінде Теһран университетінің ғылыми-технологиялық паркінде орналасқан компаниялар елге салынған санкцияларды залалсыздандыру үшін жақсы тәжірибе жинады",-деді.

Тегтер