Ақп 05, 2023 18:36 Asia/Almaty
  • Иран футзал командасы әлем бойынша жетінші орында

Иранның ұлттық футзал командасы әлемдік рейтингте жетінші орында тұр.

Иран футзал командасының 2023 жылғы орны анықталды. 2016 жылы Колумбияда өткен халықаралық жарыстың іріктеу кезеңінде Иран футзал командасы әлемнің ең үздік командасы саналатын Бразилия командасынан басым түсіп, осы салада "жаңа құбылыс" ретінде танылған болатын. Ақырында Португалия командасын жеңіп, үшінші орын алған еді.

Futsalworldranking.com сайты әлемдегі футзал командаларының 2023 жылғы рейтингісін жариялады. Иран футзал командасы 1549 ұпаймен 2023 жылды жетінші орында бастады. Бразилия футзал командасы әлемдік рейтингте көш бастап тұр.

Тегтер