Түркияда 7,8 баллдық жер сілкінісі болды
Ақп 06, 2023 13:17 Asia/Almaty
Еуропалық жерортатеңіздік сейсмологиялық орталығы: «Дүйсенбі күні таңертең Түркияда 7,8 баллдық жер сілкінісі болды»,-деп хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл жер сілкінісі Түркия мен Сирияның шекарасында Түркияның Газиантеп қаласының солтүстік-шығысынан 26 км қашықтықта орын алды.
Дүйсенбі күні таңертең Түркияда болған 7,8 баллдық жер сілкінісі салдарынан көп үй қирады. Осы сәтке дейін 100-ден аса адам қаза тауып, мыңдаған адам жараланды.
Тегтер