Ақп 06, 2023 19:16 Asia/Almaty
  • Канани: Форду нысанында уранның 60 пайызға байытылатыны АҚХА-ға айтылды

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Еуропа үштігі мен АҚШ-тың Ирандағы бейбіт ядролық жұмыстар туралы мәлімдемесіне реакциясында: "Форду нысанында уранның 60 пайызға байытылатыны 2022 жылы 17 қарашада АҚХА-ға хабарланды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани жексенбі күні: "Фордудағы уран байытудың барлық шарттары жобалауға қатысты сауалнамада толық жазылған",-деді.

Канани: "2023 жылы қаңтарда болған тексерісте 2022 жылы 17 қарашада толтырылған сауалнамаға қатысты ешқандай талап қойылмады және жаңа шара қолданылмады. Сондықтан АҚХА-ға хабарлау қажет болмады",-деді.

 

Тегтер