Канани: Форду нысанында уранның 60 пайызға байытылатыны АҚХА-ға айтылды
https://itolqyn.com/news/world-i67464-Канани_Форду_нысанында_уранның_60_пайызға_байытылатыны_АҚХА_ға_айтылды
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Еуропа үштігі мен АҚШ-тың Ирандағы бейбіт ядролық жұмыстар туралы мәлімдемесіне реакциясында: "Форду нысанында уранның 60 пайызға байытылатыны 2022 жылы 17 қарашада АҚХА-ға хабарланды",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 06, 2023 19:16 Asia/Almaty
  • Канани: Форду нысанында уранның 60 пайызға байытылатыны АҚХА-ға айтылды

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Еуропа үштігі мен АҚШ-тың Ирандағы бейбіт ядролық жұмыстар туралы мәлімдемесіне реакциясында: "Форду нысанында уранның 60 пайызға байытылатыны 2022 жылы 17 қарашада АҚХА-ға хабарланды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани жексенбі күні: "Фордудағы уран байытудың барлық шарттары жобалауға қатысты сауалнамада толық жазылған",-деді.

Канани: "2023 жылы қаңтарда болған тексерісте 2022 жылы 17 қарашада толтырылған сауалнамаға қатысты ешқандай талап қойылмады және жаңа шара қолданылмады. Сондықтан АҚХА-ға хабарлау қажет болмады",-деді.