Түркияда зілзаладан зардап шеккендердің жағдайы ауыр
(last modified Thu, 09 Feb 2023 11:22:33 GMT )
Ақп 09, 2023 17:22 Asia/Almaty

Ауа райы суытып, баспана мен жылытатын құралдардың болмауы салдарынан Түркияның оңтүстігіндегі зілзаладан зардап шеккендердің жағдайы ауырлап кетті.

Түркия үкіметі зілзаладан зардап шеккендерге көмектесуде, суық ауада бастапқы қажеттіліктер және сумен қамтамасыз етуде баяу әрекет етіп жатыр деп сыналуда.

Зілзаладан зардап шеккен кейбір аудандардың тұрғындары, соның ішінде балалар, әйелдер мен қарт адамдар ақпан айының суық түндерін бір ғана көрпемен көлікте, күркелер немесе ашық аспан астында өткізіп жатыр.

Қираған жерлерде ауыз су тапшы. Адамдар жылыну үшін резеңке жағуға мәжбүр.

Құтқару амалдарының баяу жүргізіліп жатқанына байланысты қирандылардың астынан адамдарды тірі шығарып алуға үміт азайып барады. Үйіндінің астында қалғандар көп.