Иранның гуманитарлық көмегін тиеген алтыншы ұшақ Сирияға жетті
(last modified Fri, 10 Feb 2023 13:05:04 GMT )
Ақп 10, 2023 19:05 Asia/Almaty
  • Иранның гуманитарлық көмегін тиеген алтыншы ұшақ Сирияға жетті

Иранның Сириядағы зілзаладан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмегін тиеген алтыншы ұшақ жұма күні таңертең Латакия әуежайына қонды.

Иранның Латакиядағы мәдени өкілі Әлиреза Фадави IRNA-ға берген сұхбатында: "3 күн бұрын Иранның 19 тонна гуманитарлық көмегін тиеген екінші ұшақ Латакия әуежайына қонды",-деді.

Бұған дейін Иранның гуманитарлық көмегінің екі партиясы Дамаскқа, тағы екі партиясы Алеппоға жөнелтілді. Латакияға жіберілген екінші ұшақты есептегенде ИИР Сирияға соңғы үш күнде 6 ұшақ жіберді.   

Тегтер