Түркия мен Сирияда зілзадан қаза тапқандар саны 21 мың адамнан асты
(last modified Fri, 10 Feb 2023 14:50:23 GMT )
Ақп 10, 2023 20:50 Asia/Almaty
  • Түркия мен Сирияда зілзадан қаза тапқандар саны 21 мың адамнан асты

Түркия мен Сирияда зілзадан қаза тапқандар саны тағы да артты. Екі елдегі құрбандар саны 21 мыңнан асты. Осы арада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зілзаладан бетер шығын әкелуі мүмкін үлкен медициналық дағдарыс болатынын ескертті.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркияда зілзала құрбандары саны 18 342 адамға жетті. Ал Сирияда осы оқиғадан қаза тапқандар саны артып, 3377 адамға жетті. Сондықтан осы сәтке дейін жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны 21719 адамға жетті.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш халықаралық қауымдастықтан Түркия мен Сирияға көбірек қаражат бөліп, Сириядағы зілзала болған аудандарға көмек жеткізу мүмкіндігін арттыруды сұрады.

Антониу Гутерриш: "Адамдар бірінен-бірі өткен қорқынышты оқиғаларға тап болып жатыр",-деді.

Тегтер