Иран Кавказдағы әскери араласуы туралы қауесеттерді жоққа шығарды
(last modified Sat, 11 Feb 2023 10:07:00 GMT )
Ақп 11, 2023 16:07 Asia/Almaty
  • Иран  Кавказдағы әскери араласуы туралы қауесеттерді жоққа шығарды

Иранның Армениядағы елшісі аймақтық ақпарат құралдарының бірінде жарияланған Иранның Кавказ мәселелеріне әскери араласуы туралы қауесеттерді жоққа шығарды.

Аббас Зухури  Бадахшан  Арменияның Ұлттық ғылым академиясында өткен ғылыми отырыс аясында журналистердің аймақтық ақпарат құралдарының бірінде Иран мен Арменияның әскери араласу жөніндегі бірлескен жоспары туралы қауесеттерге қатысты сұрақтарына жауап беріп, Лачын дәлізі мәселесі жөнінде: «Иран ешқашан аймақта шиеленіс тудыруды қаламаған және қаламайды да»,-деді. Ирандық дипломат Арменияның Қорғаныс министрлігі бұл қауесетті жоққа шығаратынын мәлімдеді және БАҚ өкілдеріне мәселе тудыруы мүмкін тақырыптар мен шындыққа жанаспайтын жаңалықтарды жарияламауға кеңес берді. Иранның Армениядағы елшісі аймақтық оқиғаларда Израиль режимінің қатысты болуы туралы: «Израильдің кез келген жерде болуы тұрақсыздық пен сенімсіздік тудырады және аймақтағы елдер бұл шындықты білмейді, бұл аймаққа қауіп төндіруі мүмкін»,- деп мәлімдеді.