ЭЫҰ-на мүше елдердің ғылыми байланыстарын кеңейту өте маңызды
(last modified 2023-02-13T12:06:03+00:00 )
Ақп 13, 2023 18:06 Asia/Almaty
  • ЭЫҰ-на мүше елдердің ғылыми байланыстарын кеңейту өте маңызды

ЭЫҰ ғылыми институтының атқару комитетінің жетінші жиналысында осы ұйымға мүше елдер арасында ғылыми байланысты кеңейтудің маңызы баса айтылды.

2023 жылы 12-13 ақпанда Исфахан қаласында ЭЫҰ-на мүше елдердің жауапты басшылары, елшілері мен сарапшыларының қатысуымен осы ұйымның ғылыми институты атқару комитетінің жетінші жиналысы және құрылтайшылар кеңесінің бесінші жиналысы өтті.

ECOSF – 10 ислам елі, атап айтқанда, Иран, Пәкістан, Түркия, Ауғанстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан өкілдерінен тұратын мемлекетаралық ұйым.

ЭЫҰ-ның ғылыми орталығы (ECOSF) – осы ұйымның мамандандырылған институттарының бірі. Ол ғылым, технология және инновация негізінде экономиканы дамыту мақсатында жұмыс істейді.   

Тегтер