Ақп 17, 2023 00:10 Asia/Almaty
  • Раиси: Қытай – Иранның сенімді  сауда серіктесі

Иран Президенті Қытайды сенімді сауда серіктесі деп атап, екі елдің әріптестік әлеуетін Иранды дамыту жолында қолдануға болатынын айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні Қытайдың ондаған ірі сауда компаниясының өкілдерімен кездесуінде Қытай Президентімен әлемдегі біржақтылыққа қарсы күресу үшін бірлесе әрекет етуге келіскенін айтып, көне өркениетке ие екі елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени әлеуеттеріне тоқталып: "Иран Қытайды өзінің сенімді сауда серіктесі санайды. Екі елдің әріптестік әлеуетін Иранды дамыту жолында қолдануға болады деп сенеді",-деді.

Раиси Иранның теңдессіз геостратегиялық және экономикалық әлеуеттерін санамалап, Иранның Орталық Азия, Кавказ және Еуропамен сауда қатынаста өте маңызды рөл ойнайтынын айтып: "Қытай компаниялары осы мүмкіндіктерді тауар алмасып, инвестиция салуға пайдалана алады",-деді.

Тегтер