Сарахс шекаралық теміржол бекетінен Орталық Азия елдеріне тауар транзиті екі есе өсті
https://itolqyn.com/news/world-i67764-Сарахс_шекаралық_теміржол_бекетінен_Орталық_Азия_елдеріне_тауар_транзиті_екі_есе_өсті
Иранның Хорасан теміржол басқармасының бас директоры өткен 10 айда Сарахс шекаралық теміржол бекетінен Орталық Азия елдеріне тауар транзиті екі есе өскенін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 19, 2023 21:10 Asia/Almaty
  • Сарахс шекаралық теміржол бекетінен Орталық Азия елдеріне тауар транзиті екі есе өсті

Иранның Хорасан теміржол басқармасының бас директоры өткен 10 айда Сарахс шекаралық теміржол бекетінен Орталық Азия елдеріне тауар транзиті екі есе өскенін хабарлады.

Мұстафа Насири: "Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 100 пайызға артық. Жалпы өткен 10 айда транзит көлемі 190 мың тоннаға жетті. Былтыр тек 98 мың тонна болған еді",-деді.

Сарахс шекаралық теміржол бекетінде құрама транзит тәсілі қолданылатындықтан осындай өсім байқалып отыр. Ол бойынша жүк көліктерімен шекараға келген тауар Орталық Азия елдерінің вагондарына тиеледі.

Сарахс бекетінен Өзбекстан, Қазақстан және Түркіменстанға тауар транзиттеледі.