Теһран мен Бейжің сауда айналымын арттыруға келісті
https://itolqyn.com/news/world-i67768-Теһран_мен_Бейжің_сауда_айналымын_арттыруға_келісті
Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Иран мен Қытай арасында сауда айналымын арттыру керегін айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 19, 2023 21:31 Asia/Almaty
  • Теһран мен Бейжің сауда айналымын арттыруға келісті

Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Иран мен Қытай арасында сауда айналымын арттыру керегін айтты.

Әлиреза Пейманпак: "Қытай технология саласында жоғары потенциалға ие екенін ескеріп, Иранның өнеркәсіп салаларына Қытайдың ірі брендтері және компанияларымен әріптестік жасау өте маңызды",-деді.

Пейманпак: "Энергетика саласында Қытаймен түрлі бағдарлама бойынша ауқымды жұмыстар атқарып жатырмыз",-деді.  

Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы: "Қытай тарапымен кейбір салалар бойынша Иранда бірге тауар өндіріп, саяси-әлеуметтік тұрғыдан бізге өте жақын Ирак пен Ауғанстанға шығаруға және жаңа әлеуеттер, атап айтқанда Еуразиялық экономикалық одақ нарығын пайдалануға келістік",-деді.