Канани: Ұйымдастырушылар өз әрекеттерімен Мюнхен қауіпсіздік конференциясының беделіне ауыр нұқсан келтірді
(last modified Tue, 21 Feb 2023 14:25:40 GMT )
Ақп 21, 2023 20:25 Asia/Almaty
  • Канани: Ұйымдастырушылар өз әрекеттерімен Мюнхен қауіпсіздік конференциясының беделіне ауыр нұқсан келтірді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Биыл Мюнхен қауіпсіздік конференциясы қауіпсіздік деп аталғанымен, жауластық сипатта өтті",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани дүйсенбі күнгі баспасөз отырысында Иран мен Ресейдің Мюнхен қауіпсіздік конференциясына шақырылмағанына тоқталып: "Мүмкіндік тек бір тарап пен бір ағымға берілді. Бұл аталмыш конференцияның беделіне шынайы соққы болды",-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Қауіпсіздік атымен өткен конференцияда халықаралық қауымдастықтың барлық мүшелеріне теңдей мұрсат берілуі тиіс. Сонда олар халықаралық қауіпсіздік пен жаһандық жүйеге қатысты мүмкіндіктер мен түйткілдер, әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға көмектесетін механизмдер жайлы көзқарастарын ортаға салатын еді",-деді.

Насер Канани: "Биыл Мюнхен қауіпсіздік конференциясын ұйымдастырушылар өрескел қателік жіберіп, әсіресе АҚШ үкіметінің көзқарасынан бөлек пікірлер айтылуына жол бермей, халықаралық жүйеде біржақтылық сақталуына күш салды",-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы елде 84 пайызға байытылған уран өндірілгені туралы уәждерге тоқталып: "Иран NPT хаттамасы мен қауіпсіздік келісіміне берік",-деді.