Иран Сыртқы істер министрінің Женевадағы кеңестері
Адам құқығы кеңесі мен Қарусыздану конференциясына қатысу үшін Женеваға барған Иран Сыртқы істер министрі Армения және Бельгия Сыртқы істер министрлерімен жеке-жеке кездесті.
Амир Абдуллахиан дүйсенбі күні Армения Сыртқы істер министрі Мирзоян Араратпен кездесіп, екі елді қызықтыратын мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Амир Абдуллахиан сондай-ақ Бельгия Сыртқы істер министрі Аджа Лябибпен кездесті.
Иран Сыртқы істер министрі бұған дейін Финляндия Сыртқы істер министрімен де сұхбаттасқан болатын.
Адам құқығы кеңесі (The Human Rights Council) 2006 жылы Адам құқығы комиссиясының (The Commission of Human Rights) орнын алмастырды. Соның нәтижесінде мүшелер саны, БҰҰ-ға бағыныштылық деңгейі және өкілеттік пен миссияларды орындау тәсілі өзгерді.
Адам құқығы кеңесіне 47 мемлекет мүше. Олар БҰҰ Бас ассамблеясына мүше елдердің басым бөлігінің жеке, жасырын әрі тікелей дауыс беруі арқылы сайланады.
Қарусыздану конференциясына БҰҰ-ға мүше 65 мемлекет кіреді. Оның міндеті қарусыздану саласында халықаралық құжаттар мен хаттамалар дайындау, келіссөздер өткізу және қару-жарақтарды, әсіресе жаппай қырып-жоятын қаруларды бақылау болып табылады.