Ақп 28, 2023 14:38 Asia/Almaty
  • Теһрандағы Ауғанстан елшілігі жұмысын жаңа дипломаттармен бастады

Ауғанстанның Теһрандағы елшілігі жаңа уақытша сенімді өкілдер мен дипломаттарымен өз жұмысын ресми түрде бастады.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстанның басқарушы органының баспасөз хатшысының орынбасары Хафиз Зия Ахмад Twitter-дегі парақшасында Ауғанстанның Теһрандағы елшілігінің жаңа уақытша сенімді өкілі Фазл Мұхаммад Хаккани мен оның   командасының ресми түрде осы елшіліктің істерін өз қолына алғанын хабарлады.

Ауғанстанның Басқарушы органы баспасөз хатшысының орынбасары: «Сыртқы істер министрлігі Иранда тұратын ауғандықтар үшін елшілік қызметтеріндегі кідіріс пен кедергілердің алдын алу мақсатында жаңа уақытша сенімді өкілмен жұмыс істеу үшін Теһрандағы Ауғанстан елшілігіне жеті дипломаттан тұратын тәжірибелі топ жіберу туралы шешім қабылдады»,- деп мәлімдеді.

Зия Ахмад бұл әрекетті Ауғанстан мен Иран қарым-қатынасындағы маңызды қадам деп атады.

Тегтер