Нау 02, 2023 16:19 Asia/Almaty
  • Ульянов: Иранда уранның 84 пайызға байытылғаны туралы уәждер шешілді

Ресейдің Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі Иранда уранның 84 пайызға байытылғаны туралы уәждердің шешілгенін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Михаил Ульянов сәрсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: "Bloomberg басылымының Иранда уранның 84 пайызға байытылғаны туралы уәждері сәтті шешілді",-деп жазды.

Бұған дейін Иран Атом қуаты ұйымының баспасөз өкілі Бехруз Камалванди IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Bloomberg басылымының уәждері туралы: "Жарияланған мағлұмат – елді қаралау және шындықты бұрмалау. Уран байыту үдерісі барысында 60 пайыздан артық байытылған уран бөлшектерінің болуы жалпы уран 60 пайыздан жоғары байытылды деген сөз емес",-деп мәлімдеді.

Бехруз Камалванди ИИР-дың осы уақытқа дейін уранды 60 пайыздан артық байытпағанын айтып: "Өкінішке қарай, АҚХА кейбіреулердің қысым жасау құралына айналды. Мұндай қатынас осы маңызды халықаралық ұйымның беделіне нұқсан келтіреді",-деді.   

Тегтер