Нау 05, 2023 11:30 Asia/Almaty
  • Sputnik-V вакцинасын жасаған ресейлік ғалым өлтірілді

Sputnik вакцинасын жасаған ресейлік ғалым Мәскеуде пәтерінде өлтірілді.

Андрей Ботиков коронавирусқа қарсы Sputnik-V  вакцина сәтті жасалғаннан кейін Владимир Путиннің құрметіне бөленіп, президенттің қолынан Кремльдің Құрмет медалін алған ғалымдардың бірі болды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қылмыстық тергеу комитеті Гамалей медициналық ғылыми орталығының ресейлік ғалымы және Sputnik-V вакцинасын шығарушылардың бірі Андрей Ботиковты жұма күні Мәскеудегі Рогова көшесіндегі пәтерінде 29 жастағы ер адам өлтіргенін хабарлады.  

Қылмыстық топтың тергеуінде 29 жастағы  адам өлтіруші 47 жастағы Андрей Ботиковты белбеумен тұншықтырып өлтіріп, кейін қашып кеткені анықталды.

Ресейлік қауіпсіздік күштері өз баяндамасында кісі өлтіруші мен жәбірленушінің кісі өлтіру алдында жанжал болғанын растай отырып, оқиғаның себебі ретінде отбасылық проблемаларды жариялады.

Тегтер