Нау 05, 2023 21:06 Asia/Almaty
  • Бакуде шиіттік дінбасыны жерлеу рәсімі өтті

Бакуде Әзірбайжанның көрнекті дінбасшысы қажы Шахин Хасанлыны жерлеу рәсімі халықтың кең түрде қатысуымен өтті.

Қажы Шахин Хасанлы Бакудегі "Мешади Дадаш" мешітінің жамағат имамы әрі Әзірбайжандағы көрнекті шиіт дінбасшыларының бірі еді. Бейсенбі, 2 наурызда ол 48 жаста қайтыс болды.

Әзірбайжанның ақпарат көздері көрнекті дінбасының қайтыс болу себебін жүрек ұстамасы деп жариялады. Ол Әзірбайжанда ықпалды құтпагер еді. Ол өз өмірін исламға қызмет етіп, исламдық құндылықтарды насихаттап, осы елдің қоғамына жетекшілік жасаумен өткізді.

Әзірбайжанның көрнекті дінбасшысы қажы Шахин Хасанлыны жерлеу рәсімі халықтың ауқымды  қатысуымен өтті. Бұл осы елде ислам мен шиіттік мазхабтың терең тамыр жайғанын және халықтың осы дінбасыға риза болғанын көрсетеді.

"Мешади Дадаш" мешітінде көрнекті дінбасшымен қоштасу рәсімі өтіп, оның денесі Ясамал зиратына қойылды.  

Тегтер