Канани: Халықаралық әйелдер күні Батыс елдері саяси тұрғыдан теріс пайдаланатын мұрсатқа айналды
https://itolqyn.com/news/world-i68202-Канани_Халықаралық_әйелдер_күні_Батыс_елдері_саяси_тұрғыдан_теріс_пайдаланатын_мұрсатқа_айналды
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Халықаралық әйелдер күнін Батыс елдері саяси тұрғыдан теріс пайдаланатын сюжет деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 09, 2023 17:59 Asia/Almaty
  • Канани: Халықаралық әйелдер күні Батыс елдері саяси тұрғыдан теріс пайдаланатын мұрсатқа айналды

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Халықаралық әйелдер күнін Батыс елдері саяси тұрғыдан теріс пайдаланатын сюжет деп атады.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Насер Канани бейсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: "Халықаралық әйелдер күні Батыс мәдениетінде әйел мен жанұя құқығы туралы ойлануға стимул болудың орнына Батыс елдерінің саяси тұрғыдан теріс пайдаланатын сюжетіне айналды. Олар әйел құқығын қорғау деген уәжбен түрлі өркениет пен мәдениетке ие басқа елдер мен халықтарды айыптап, насихат айтады",-деп жазды.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "АҚШ пен Еуропаның бірнеше елі өз қоғамдары мен әлемнің басқа жерлерінде адам құқығы мен әйел құқығын бұзған жайттары көп болғандықтан, басқаларға осы салада діни-ақлақтық сабақ беретіндей дәрежеде емес. Керісінше адам құқығы мен әйел құқығы саласында әлем мен қоғам алдында қарыздар",-деді.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні.