Түркияда болған зілзалада 6 мыңнан аса шетел азаматы қаза тапты
Нау 13, 2023 19:00 Asia/Almaty
Түркия Ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу бүгін осы елде болған зілзаладан 6660 шетел азаматының қаза тапқанын хабарлады.
2023 жылы 6 ақпанда Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігінде екі жойқын жер сілкінісі болды. Бұл зілзалалар салдарынан екі елде ондаған мың адам қаза тауып, зардап шегумен қоса, көптеген тұрғын үйлер қирады.
Сүлеймен Сойлу: "Түркияда болған екі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 48448 адамға жетті. Ал зардап шеккендердің саны 115 мың адамға жетті",-деді.
Тегтер