Нау 14, 2023 19:00 Asia/Almaty
  • Гутерриштің өкілі: Иран БҰҰ-ның Йеменде бейбітшілік орнату жолындағы талпыныстарын қолдайды

БҰҰ Бас хатшысының Йемен істер жөніндегі арнайы өкілі Ираннан осы ұйымның Йеменде бейбітшілік орнату жолындағы талпыныстарын қолдауды сұрады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһранға сапар шеккен Ханс Грандберг дүйсенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианмен кездесуінде: "БҰҰ Йемендегі дағдарысты саяси жолмен шешуге баса назар аударып отыр",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Йемен дағдарысын саяси жолмен шешуге қатысты Теһран үкіметінің көзқарасын баяндап, атысты тоқтату бітімін жалғасыру, антигуманистік қоршауды жою, йемендік йемендікпен диалогы аясында гуманитарлық тақырыптарды ескере отырып, дағдарысты саяси жолмен шешу керегін айтты.

Тегтер