Мумени: Есірткі жасауға қажетті прекурсорларды Ауғанстанға экспорттау – халықаралық қауіп
Нау 14, 2023 20:29 Asia/Almaty
Иранның Есірткі заттарға қарсы күрес штабының бас хатшысы синтетикалық есірткі жасауға қажетті химиялық заттарды Ауғанстанға экспорттау туралы ескертіп: "Бұл мәселе – аймақ елдері мен халықаралық қауымдастық үшін шынайы қауіп",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Искандер Мумени Венада БҰҰ-ның есірткі заттарға қарсы комиссиясының 66-шы отырысында: "UNODC-ның есебі бойынша апиын өндіретін ең ірі ел Ауғанстанда көкнәр өсіруге бөлінген жер 32 пайызға артты",-деді.
Мумени: "Басқа жағынан химиялық прекурсорлар екіжақты саудаға айналды. Бұл заттар индустриалды елдерден Ауғанстанға контрабандалық жолмен жеткізіліп, сонда героин, морфин мен метамфетамин өндіруге қолданылады",-деді.
Тегтер