Нау 15, 2023 16:10 Asia/Almaty
  • Германия армиясында әскери жабдықтар тапшы

Германия Парламентінде Қарулы күштерді бақылайтын өкіл ел армиясында әскери жабдықтар тапшылығы байқалғанын ескертті.

Германия Парламентінің қорғаныс комитетінің мүшесі Ева Хогл: "Ел Қарулы күштері қару-жарақтан бастап сарбаздардың бас киімі мен жеке құралдарына дейін тапшылық сезініп отыр",-деп мәлімдеді.

Ева Хогл Германия үкіметінің армиядағы тапшылықты жоюда баяу әрекет етіп жатқанын сынап: "Украинада соғыс басталғаннан кейін Германия үкіметі армияны жарақтау үшін уәде еткен 100 млрд еуроның аз ғана бөлігін төледі",-деді.

Берлин Украинадағы соғысты сылтауратып Киевке қару-жарақ жіберуді әлі жалғастырып жатыр.

Тегтер