Нау 17, 2023 18:20 Asia/Almaty
  • Солтүстік Кореяның жаңа зымыраны 15 мың шақырым қашықтыққа жетеді

Жапония Қорғаныс министрлігі Солтүстік Кореяның АҚШ жеріндегі кез келген жерді нысанаға ала алатын құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағанын хабарлады.

Бұл зымыран сынағы бейсенбі күні таңғы сағат 7-де жасалды. Бұл зымыран 70 секунд ұшып, жер бетінен 6 мың шақырым биіктікке жетті.

Жапонияның Қорғаныс министрлігі сондай-ақ зымыранның Жапонияның батыс бөлігінде, Хоккайдо префектурасындағы Ошима аралының маңында теңізге тигенін хабарлады.

Оңтүстік Корея президенті осы зымыран сынағынан кейін елінің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен кездесті. Ол осы аптада АҚШ-пен бірлескен оқу-жаттығуларды жалғастыруға бұйрық берді.

 

Тегтер