Бахрейни: Сөз бостандығы исламофобияны насихаттауға сылтау болмауы керек
ИИР-ның Женевадағы елшісі және тұрақты өкілі: «Сөз бостандығы исламофобия мен мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылықты насихаттау үшін сылтау болмауы керек»,- деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Бахрейни «Исламофобиямен күресу» халықаралық күнінің салтанатты рәсімінде исламофобия мен мұсылмандарды кемсітумен күресудің қажетті заңдарды белгілеу, білім беру, диалог жүргізу және Батыс елдерінде ислам мен мұсылмандарға қарсы қалыптасқан стереотиптерге қарсы тұруға болатынына тоқталып: «Исламофобия мұсылмандар үшін жеке адамдар мен қоғамдарға ауыр салдары болуы мүмкін қандай да бір алалаушылық пен кемсітушіліктен туындайтын барлық нәрседен де маңызды. Исламофобия немесе мұсылмандардың қасиетті символдарына қарсы кез келген басқа әрекет сөз бостандығының заңды түрі емес, зиян келтіруі мүмкін фанатизмнің бір түрі»,- деп қуаттады.