Нау 20, 2023 17:56 Asia/Almaty
  • Путин гипер дыбыстық қаруды қолдану мүмкіндігі туралы ескертті

Ресей президенті ел армиясының осы күнге  дейін гипер дыбысты зымырандар сияқты жетілдірілген қаруларды қолданбағанын айтты.

ТАСС  ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Президенті Владимир Путин жексенбі күні: «Біз құрлықтағы күштерді дамыту үшін көп жұмыс істеуіміз  керек, қазір ресейлік армияда дыбыстан жоғары қарулар мен басқа да жетілдірілген жүйелер бар, әрине олар қолданылмаған»,- деді.

Гипердыбыстық қарулардың ішінде қашықтығы 1000 км, жылдамдығы 9 М   болатын, кез келген оқтұмсықты алып жүруге және кез келген зымыран қорғанысынан өте алатын «Циркон» зымырандарының зымырандары бар. Ресей 2014 жылы Қырым бұл елге қосылғаннан кейін Батыспен арадағы шиеленіс кезінде Кремль өз қару-жарақтарын жаңғыртуды басты міндет етіп қойды.

Жақында Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО) Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің жауынгерлік  қабілетін төмендетпеуді ескертті.

 

Тегтер