Си Цзиньпин: Қытайдың Украинаға қатысты жоспары әлемдік көзқарасты көрсетеді
(last modified Mon, 20 Mar 2023 12:02:01 GMT )
Нау 20, 2023 18:02 Asia/Almaty
  • Си Цзиньпин: Қытайдың Украинаға қатысты жоспары әлемдік көзқарасты көрсетеді

Қытай басшысы Ресейге сапары қарсаңында: «Бейжің ұсынған Украина дағдарысын шешу жоспары әлемдік көзқарасты көрсетеді»,- деді.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Ресейдің  «Российская газетасындағы» мақаласында: «Қытайдың Украина дағдарысын шешуге арналған 12 тармақтан тұратын жоспары жаһандық көзқарастарды көрсетеді және бұл дағдарыстың салдарын жояды. Күрделі шиеленістердің қарапайым шешімдері болмайды»,- деп мәлімдеді.

ҚХР Төрағасы Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты және жаһандық оқиғаларды, соның ішінде Украина дағдарысын талқылау үшін 20-22 наурызда  Мәскеуге барады. 24 ақпанда Қытай Сыртқы істер министрлігі Украинадағы бітімгершілікке арналған 12 тармақтан тұратын жоспарын жариялады, оның ішінде атысты тоқтату және Батыстың Ресейге қарсы санкцияларын алып тастау қарастырылды.