Ресей НАТО- ның күн санап өсіп келе жатқан әлеуетіне тосқауыл қояды
Ресей НАТО- ның күн санап өсіп келе жатқан әлеуетіне тосқауыл қою үшін жаңа үш дивизия құрады.
Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу сәрсенбі күні елінің Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО- ның) күн санап өсіп келе жатқан әлеуетіне тосқауыл қою үшін армиясына жаңа үш дивизия қосатынын мәлімдеді.
«Reuters» ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауы бойынша, «Interfax» ақпарат агенттігі Шойгуға сілтеме жасап, осы дивизиялардың биылғы жылдың соңына дейін құрылып, Ресейдің батыс және оңтүстік шекараларына орналастырылатынын хабарлады.
Шойгу Ресейдің Қорғаныс министрлігі НАТО күштерінің өз шекараларының маңында күн санап өсудегі әлеуетіне тосқауыл қою үшін бірқатар шара қолданатынын айтты.