Нау 28, 2023 20:55 Asia/Almaty
  • Иран Данияда Құран Кәрімге құрметсіздік көрсеткенін айыптады

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Даниядағы экстремистік топтардың әсіресе Рамазан айында Құран Кәрімге құрметсіздік көрсеткенін айыптады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани Еуропаның кейбір елдерінде мұсылмандардың діни құндылықтарына және Құран Кәрімге құрметсіздік көбейгенін ескертіп, адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылардың осындай әрекеттерге қатысты үнсіз қалуын сынап: "Мұндай қатынас жиіркеніш артып, экстремизм күшейіп, қатыгездіктің таралуына себеп болады, әлемде адамдардың қауіпсіздігіне және тату да бейбіт өмір сүруіне қатер төндіреді",-деді.

Канани адам құқығы деген желеумен істелген әрекеттерге көз жұма қарауды жалпыадамзаттық құқыққа толық қайшы деп атап: "ИИР мен мұсылман елдері Дания үкіметінен жауапкершілікпен қарап, құрметсіздік пен жиреніш тарататын әрекеттерге рұқсат бермей, сөз бостандығы деген сылтаумен осындай сахналанған қойылымдардың қайталануына жол бермейді деп күтеді",-деп еске салды.

Тегтер