Нау 29, 2023 19:52 Asia/Almaty
  • Иранда мұнай өндірісі күніне 2,65 млн баррельге жетті

Халықаралық энергетика агенттігі: "2023 жылдың ақпан айында Иранда мұнай өндірісі 20 мың баррельге артып, күніне 2 млн 650 мың баррельге жетті",-деп хабарлады.

Халықаралық энергетика агенттігі әлемнің мұнай нарығына қатысты жаңа айлық есебінде OPEC-тегі жалпы мұнай өндірісі 2023 жылдың ақпан айында күніне 29 млн 170 мың баррель болғанын хабарлады.

OPEC-ке мүше 13 елдің жалпы мұнай өндірісі 2023 жылдың ақпан айында қаңтар айымен салыстырғанда күніне 70 мың баррельге көбейген.

Осы есеп бойынша, OPEC-ке мүше 8 елде, соның ішінде Иранда биыл ақпан айында мұнай өндірісі артты.

Тегтер