Иран Сыртқы істер министрі: Аймақта қандай да бір геосаяси өзгерістер жасалуын қабылдамаймыз
https://itolqyn.com/news/world-i68666-Иран_Сыртқы_істер_министрі_Аймақта_қандай_да_бір_геосаяси_өзгерістер_жасалуын_қабылдамаймыз
Иран Сыртқы істер министрі: "Қандай да бір сылтаумен аймақта геосаяси өзгерістер жасалуын қабылдамаймыз",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 30, 2023 19:36 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі: Аймақта қандай да бір геосаяси өзгерістер жасалуын қабылдамаймыз

Иран Сыртқы істер министрі: "Қандай да бір сылтаумен аймақта геосаяси өзгерістер жасалуын қабылдамаймыз",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бірлескен баспасөз отырысында: "Кавказда болып жатқан өзгерістерге баса назар аудардық. Өйткені бұл аймақта текетірестің жалғасуы ешқай тараптың – Әзірбайжан мен Арменияның мүддесіне сай келмейді. Жалпы қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау аймақтағы барлық елдердің мүддесіне сай болмақ",-деді.

Амир Абдуллахиан аймақта геосаяси өзгерістер жасауға талпыну жағдайдың одан ары күрделене түсуіне себеп болатынын айтып: "Аймақтағы қайшылықтарды түрлі тараптардың диалогы арқылы саяси жолмен шешу керек",-деді.

Амир Абдуллахиан әсіресе кейінгі бір жарым жылдағы Иран мен Ресейдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы туралы: "Жақсы жетістіктерге қол жеткіздік. Екі елдің сауда айналымы 3,5 есе өсті",-деді.