Иран мен Алжир Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Fri, 31 Mar 2023 14:37:21 GMT )
Нау 31, 2023 20:37 Asia/Almaty
  • Иран мен Алжир Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран мен Алжир Сыртқы істер министрлері екіжақты қарым-қатынас пен аймақтық мәселелер жөнінде сұхбаттасты.

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен Алжир Сыртқы істер министрі Ахмет Атаф бейсенбі күні телефон арқылы сөйлесіп, бір-бірін Рамазан айымен құттықтап, түрлі салада, әсіресе сауда-экономикалық  салада екіжақты қарым-қатынасты дамыту, аймақтық және халықаралық өзгерістер, соның ішінде  Палестинадағы өзгерістер туралы кеңесіп, пікір алмасты.

Иран Сыртқы істер министрі осы сұхбатта Иран Президентінің сәлемін Алжир Президентіне жеткізіп, Алжир Сыртқы істер министрін Теһранға ресми сапармен келуге шақырды. Алжир тарапы оның ұсынысын қабыл алды.  

Тегтер