Украинаның Бахмут қаласында Ресейдің туы желбіреді
(last modified Mon, 03 Apr 2023 15:57:30 GMT )
Сәу 03, 2023 21:57 Asia/Almaty

Ресейдің Wagner әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин Ресей әскерилерінің Украинаның шығысындағы Бахмут қаласын бақылауға алғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пригожин жексенбі күні кешке дыбыстық жолдауда: "Құқықтық тұрғыдан Бахмут басып алынды, Ресейдің туы осы қаланың әкімшілік ғимаратының үстіне ілінді",-деді.

Украина Президенті Володимир Зеленский кейінгі апталарда Бахмут құлаған жағдайда туындайтын ауыр салдарлар жайлы сан рет ескерткен болатын.  

Сол себепті Украина армиясының ортақ штабы дүйсенбі күні таңертең Бахмуттың Ресей тарапынан басып алынғанын теріске шығарып: "Бахмут әлі де Украина әскерилерінің бақылауында. Олар дұшпан шабуылдарының көбіне тойтарыс берді",-деді.