Сәу 04, 2023 19:48 Asia/Almaty
  • Гросси Ресейдің Калининград облысына барады

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі бұл ұйымның бас директорының жақын күндері Ресейдің Калининград облысына барып, Запорожье атом электр станциясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келіссөздер жүргізетінін хабарлады.

АҚХА баспасөз хатшысы агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси сәрсенбі күні Украинадағы қақтығыс шебіне жақын орналасқан Запорожье атом электр станциясының қауіпсіздігі жөніндегі келіссөздерге қатысу үшін Ресейдің Калининград қаласына аттанатынын хабарлады.  Өткен аптада Гросси Украинаның Ресей бақылауындағы аймақтарында орналасқан осы электр станциясын аралауға барды. Ол бұл аймақтағы жағдайдың және Еуропадағы ең ірі ядролық станса болып саналатын бұл зауыт төңірегіндегі әскери әрекеттердің нашарлағанын хабарлады. 

 

Тегтер