Сәу 07, 2023 17:28 Asia/Almaty
  • Раиси: Палестина халқының құқықтарын қолдау өзгермейді

ИИР Президенті: «Палестина халқының құқықтарын қолдау және сионистік режиммен күресу – сионистік режимнің басқыншылықтары мен қылмыстарына қарсы тұру үшін ислам үмбетінің қалыптасуы мен ислам әлемінің бірлігі жолындағы өзгермейтін қағида»,- деп мәлімдеді.

Iran Press-тің   хабарлауынша, Ибрахим Раиси бейсенбі күні Индонезия Президенті Джоко Видодомен телефон арқылы сөйлесіп, Палестинаның қазіргі жағдайын түсіндіріп, оны ислам әлемінің соғып тұрған жүрегі деп таныстырып, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) шұғыл отырысын өткізіп, езілген Палестина ұлтын қорғау және сионистік режимнің қылмыстарымен күресу үшін ортақ шешім қабылдауға шақырды.  Иран Президенті: «Ислам әлемі жаһандық теңдеулердің ықпалды блогы ретінде көбірек жақындасуды қажет етеді және сәйкесінше ислам елдері арасындағы қарым-қатынастарды тереңдетуге бағытталған кез келген бастаманы құптайды»,- деді.

Индонезия Президенті Джоко Видодо Иран Президентінің Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының шұғыл отырысын өткізу туралы ұсынысын құптап, бұл отырыстың өткізілуі ислам елдері арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға негіз болатынына үміт білдірді.

 

Тегтер