Раиси: Ислам елдері сионистік режимнің қылмыстарына бірлесе қарсы тұруы керек
ИИР Президенті сионистік режимнің қылмыстарына қарсы күресу үшін ислам елдері интеграциясын одан ары арттыру керегін айтты.
Иран Президенті сейіт Ибрахим Раиси мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сұхбаттасып, сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне шабуылы және аймақ елдерінің осындай әрекеттерге бірге қарсы тұруы керегі жайлы пікір алмасты.
Раиси сионистік режимнің кейінгі кезде әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылдары және осы режимнің Сирия мен Ливанға басқыншылықтарын айыптап, ислам елдерінен сионистік режимнің қылмыстарына қарсы тұру үшін одан ары бірлесе түсуді сұрады.
Иран Президенті сионистік режимнің Палестина халқы, әсіресе әл-Ақса мешітінде намаз оқығандарға қарсы қылмыс жасап, осы қасиетті орынға құрметсіздік көрсеткеніне тоқталып: "Иран сионистік режимнің айуандығымен күресу жолдарын талқылау үшін Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше отырысын өткізуді талап етті",-деді.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған да осы телефон арқылы сұхбатта ИИР-ға Түркияда болған зілзаладан зардап шеккендерге көмектескені үшін алғыс айтып, сионистік режимнің әл-Ақса мешіті мен Палестина халқына шабуылдарын айыптады. Ердоған сондай-ақ осы басқыншылықтарға қарсы тұру үшін Ислам ынтымақтастық ұйымы аясында ислам елдерінің бірыңғай көзқарас білдіріп, интеграция құруы керегін айтты.