Иран мен Түрікменстан басшылары телефон арқылы сұхбаттасты
Иран мен Түрікменстан басшылары сионистік режимнің қылмыстарына қарсы күресу үшін ислам елдері интеграциясын одан ары арттыру керегін айтты.
Иран Президенті Ибрахим Раиси Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхаммедовпен телефон арқылы сұхбаттасып, сионистік режимнің кейінгі кезде әл-Ақса мешіті мен Палестина және Ливан халықтарына жасаған шабуылдарына тоқталып, ислам елдері интеграциясын одан ары арттыру керегін айтты.
Иран мен Түрікменстанның екіжақты қарым-қатынасын одан ары дамыту мәселесі де осы сұхбатта талқыланды.
Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхаммедов Теһран-Ашхабад қарым-қатынасының түрлі саяси-экономикалық салаларда нығайып жатқанына ризалық білдіріп: "Түрікменстан екі елдің мүдделерін қамтамасыз ету жолында ИИР-мен барлық салада байланысты дамытуға дайын",-деді.