Раиси Башар Асадпен телефон арқылы сұхбаттасты
Иран Президенті Сирия басшысымен телефон арқылы сұхбаттасып: "Қарсыласу қозғалысының болашағы жарқын",-деді.
Ибрахим Раиси Башар Асадпен телефон арқылы сөйлесіп, оны Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, әлемдік жүйе қарсыласу өзегінің мүддесіне және үстемшіл жүйе мен сионистік режимге қарсы өзгеріп жатқанын айтып: "Режимнің қылмыстары – оның әлсірегенінің белгісі. Қарсыласу қозғалысының болашағы жарқын болады",-деді.
Иран Президенті басып алынған жерлердегі өзгерістерге тоқталып: "Сионистік режимнің қылмыстары оның әлсірегенін көрсетіп отыр. Қарсыласу қозғалысының болашағы жарқын болады",-деді.
Раиси Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына құрметпен қарау керегін айтып, лаңкестікпен күресудің жалғыз жолын Сирияның ұлттық егемендігін қолдау деп атады.
Сирия Президенті Башар Асад та осы сұхбатта Рамазан айымен құттықтап, Иран мен Сирияның 40 жыл бойы ортақ дұшпандарға табанды қарсы тұрып келе жатқанына тоқталып: "Қазіргі таңда сионистік қоғамда ыдырау белгілері байқалып жатыр. Бұл – қарсыласу қозғалысының, әсіресе Палестина халқының табанды күресінің нәтижесі",-деді.