Сәу 13, 2023 19:29 Asia/Almaty
  • Путин жерсеріктерін жасауды арттыру керегін айтты

Ресей Президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Космонавтика күніне орай сөйлеген сөзінде: "Мәскеу жерсеріктерін жасауды арттыруы керек",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Путин жерсеріктерін жасауды арттыру керегін айтып: "Ресейдің әуе-ғарыш және зымыран жасау өнеркәсібі өз әлеуетін арттырып жатыр",-деді.

Владимир Путин сондай-ақ: "Ресей өзінің ұлттық экономикалық мүдделерін ескере отырып, осындай өнімдер өндіруі керек",-деді.

Ресей Президенті: "Мәскеу әуе-ғарыш саласындағы түйткілдердің барлығын жеңіп, бәсекелестікте басқа елдерді басып озады",-деді.

Тегтер