Сәу 15, 2023 16:01 Asia/Almaty
  • Раиси: Мұсылмандардың бірлігі – сионистік режимнің қылмыстарының алдын алудың жалғыз жолы

ИИР Президенті қазақстандық әріптесімен телефон арқылы сөйлесуінде: «Халықаралық қауымдастықтың әрекетсіздігіне қарсы тек мұсылмандық бірліктің шешуші жолдауы сионистік режимнің басқыншылығына тосқауыл қоя алады»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жұма күні кешке Қасым-Жомарт Тоқаев  телефон арқылы сөйлескен кезде Рамазан айымен құттықтап: «Ислам әлемінің әртүрлі мәселелері, әсіресе сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне, Газа мен Ливанға басқыншылық жасауы мен қорлауы исламдық елдердің осы басқыншылық әрекеттермен күресу үшін көбірек кеңесіп, ынтымақтастық жасауын талап етеді»,- деп мәлімдеді. ИИР Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының төтенше отырысын өткізу туралы бастамасына сілтеме жасай отырып: «Біз халықаралық қауымдастықтың сионистік режимнің қылмыстары мен басқыншылығына қарсы шара қолданбауының куәсі болудамыз, тек мұсылмандар бірлігі мен ынтымақтастығы туралы шешуші жолдау ғана бұл басқыншылықтардың алдын ала алады»,- деп айтты.

Раиси Қазақстанды Иранның көршісі әрі жақын досы деп атап, Иранның Қазақстан үшін ашық су айдындарына жылдам қол жеткізу және қауіпсіз транзитінің ең жақсы мұрсат екенін айта отырып: «Иранның техникалық және инженерлік қызмет көрсету саласындағы, әсіресе тау-кен өнеркәсібі саласындағы жоғары мүмкіндіктерін көлік саласындағы сияқты екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуде де қарастыруға болады»,- деді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мұсылман елдері ислам әлемінің мәселелерін ынтымақтастықты нығайту және өзара кеңесуді кеңейту арқылы шешуі керек»,- деп тоқталды. Қазақстан Президенті сондай-ақ Иран мен Қазақстанды бір-біріне жақын көршілер және сенімді серіктестер ретінде сипаттап: «Екі елдің ынтымақтастық деңгейін арттыру үшін өте жақсы әлеуеттері бар және біз бұрынғы келісімдердің орындалуын жеделдету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,- деді.

Тегтер