Сәу 17, 2023 15:38 Asia/Almaty
  • Иран мен Сауд Арабиясының елшіліктері 9 мамырға дейін ашылады

ИИР СІМ-нің Парсы шығанағы департаментінің директоры Иран мен Сауд Арабиясы елшіліктерінің 9 мамырға дейін ашылатынын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әлиреза Инаяти: "Келісім бойынша 2023 жылдың 9 мамырына дейін Иран мен Сауд Арабиясының елшіліктері ашылады. Сондай-ақ екі елдің Сыртқы істер министрлері осы аралықта бір-бірімен кездеседі",-деді.  

Инаяти саудиялық делегацияның Теһранға сапарына тоқталып: "Бұл делегация Теһрандағы өз елшілігін тексеріп, жұма күні Мешхедке барып, бас консулдығын көріп қайтты",-деді.  

Ол сондай-ақ ирандық делегацияның Сауд Арабиясына сапарына тоқталып: "Өткен сәрсенбіде ИИР-дың екі толық делегациясы Сауд Арабиясына барды. Бір делегация Эр-Риядта тұрақтаса, екінші делегация Джиддаға аттанды. Олар Сауд үкіметінің жауапты тұлғалары тарапынан құрметпен қарсы алынды",-деді.

Тегтер