Лондонда сионистік режимнің туы өртелді
(last modified Mon, 17 Apr 2023 10:21:41 GMT )
Сәу 17, 2023 16:21 Asia/Almaty

Дүниежүзілік Құдс күні Ұлыбритания халқының түрлі әлеуметтік топтарына жататын мыңдаған адам, ораза ұстаған мұсылмандар және соғысқа қарсы тұлғалар Израильдің туын өртеп, осы қылмыскер режимнің толық жойылуын талап етті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні Палестинаны жақтаушылар Ұлыбританияның түкпір-түкпірінен өткен жылдардағыдай Лондонға ағылып, Палестинаның арман-мақсаттарына адалдықтарын қайта растап, сионистік режимнің айуандық қылмыстарына ашу-ыза мен жиреніштерін білдірді.  

Наразылық шеруіне қатысушылар Палестина туын желбіретіп, ағылшын, араб және парсы тілдерінде сионистік режимнің қылмыстарын айыптап, Палестинаны қолдап, Құдстың азат етілуін талап еткен плакаттар ұстап шықты.  

Кейбіреулер Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің марқұм қолбасшысы Қасым Солейманидың суреті мен ИИР туын ұстап шықты.