Сәу 17, 2023 20:44 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Дүниежүзілік Құдс күнінде Иран халқының әлемдегі басқа мұсылмандармен бірге ауқымды шеруге қатысқанын айтып: "Имам Хомейни(р.) қырағы бастама көтеріп, Палестина мен оның халқын жаһандық тақырыпқа айналдырды",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насыр Канани апталық баспасөз отырысының басында Иран халқының әлемдегі басқа мұсылмандармен бірге ауқымды шеруге қатысқанына тоқталып: "Сионистік режим ішкі қиыншылықтарға байланысты бұрыннан бетер әлсіреп кеткен жағдайда Имам Хомейни (р.) қырағы бастамамен Палестина мен оның халқын жаһандық тақырыпқа айналдырды",-деді.

Канани сондай-ақ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын Иранның сыртқы саясатындағы тақырыптардың бірі деп атап: "Иран үкіметі елдің экономикасы мен тұрмыс-тіршілігін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына байлап қойған жоқ. Бұл бағдарлама үкіметтің күн тәртібіне қойылған. Иран келіссөздерге жауапкершілікпен қарайды",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Теһранның аймақ пен халықаралық сахнада ықпалды мүше екенін айтып: "Иран өзінің саяси қатынасын белгілі бір аймақпен шектемейді. Өзара құрмет принципі негізінде барлық елдермен байланысын жалғастыра береді",-деді.  

Тегтер